Миссия 

Тұрақты және тиімді басқарылатын компаниялар құра алатын, пайданың тұрақты деңгейін алатын және экономиканың өсуі мен жаңғыртылуына жәрдемдесетін мықты командаларға инвестициялау жолымен Қазақстанда ТИ экожүйесін дамытуда жетекші рөлге ие болу

Ұзақ мерзімді тәуекел капиталын икемді орналастыру және үздік әлемдік практикаларды қолдану арқылы нарықта көшбасшы компанияларды дамыту мақсатында тікелей инвестициялардың серпінді экожүйесін құру; сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына белсенді қатысу

QIC Пайымдауы

Жалғыз aкционер

QIC-нің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

«Бәйтерек» холдингінің миссиясы шикізаттық емес секторды қаржылық-инвестициялық қолдау, ұлттық экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз ету және әртараптандыру, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.

«Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары:

  • экономиканың басым секторларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қолдау;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;
  • экономиканың жаңа, заманауи салаларын қолдау және инновацияларды дамыту;
  • қазақстандық компаниялардың экспорттық қызметін қолдау;
  • мемлекеттің әлеуметтік-бағдарланған міндеттерін шешуге жәрдемдесу.

«Бәйтерек» Холдингі қабылдайтын негізгі шешімдердің арасында QIC қызметінде:

  • QIC Жарғысын және ондағы өзгерістерді бекіту;
  • QIC Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
  • жылдық қаржылық есептілікті және QIC жылдық есебін бекіту;
  • дивидендтер мөлшерін бекіту;
  • QIC тиесілі барлық активтердің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес немесе одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір бөлігін беру (алу) арқылы заңды тұлғаларды, инвестициялық қорларды құруға қатысуы не заңды тұлғалардың, инвестициялық қорлардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы бекіту.

Дивидендтік саясат

Жалғыз акционерге дивидендтер төлеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, QIC Жарғысымен және БКМ жалғыз акционерінің тиісті шешімдерімен реттеледі.

Жарғылық капитал құрылымы

  • жарғылық капитал ₸ 147 млрд құрайды.

  • тіркелген (жарияланған) акциялардың саны,
    түрі – 55 000 000 дана жай акция.

  • жарияланған, бірақ орналастырылмаған
    акциялардың саны – 1 414 997 дана жай акция.

  • орналастырылған акциялардың

    саны – 53 585 003 дана жай акциялар.

  • бір акцияның номиналдық құны (құрылтайшылар
    төлеген кезде) – ₸ 1 000.

Акциялармен берілетін құқықтар:

«Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға сәйкес Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығы;

QIC-ның таза кірісі болған жағдайда дивидендтер алу құқығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте QIC мүлкін тарату кезінде оны алу құқығы.

Ұйымдық құрылымы жүктеу