Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі

Директорлар Кеңесінің Комитеттері

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті

Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму комитеті Директорлар кеңесіне қызметтің (дамудың) басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттарды (даму стратегияларын), корпоративтік даму мәселелерін әзірлеу мәселелері, оның ішінде Қоғам қызметінің орта және ұзақ мерзімді перспективада тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс - шараларды әзірлеу, оның рентабельді қызметі және орнықты даму мәселелері бойынша ұсынымдар дайындау үшін құрылды.

Комитет құрамы:

Марсия Элизабет Кристиан Фавале - Комитет төрағасы;
Фокина Анна Тимуровна – Комитет мүшесі;
Шайхы Жандос Алкенович – Комитет мүшесі;

Documents
Комитет туралы ереже Жүктеп алу More information

Аудит және тәуекелдер комитеті

Аудит және тәуекелдер комитеті Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін (оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен анықтығын) бақылаудың тиімді жүйесін белгілеу бойынша, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін мониторингтеу бойынша, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы, сыртқы және ішкі аудиттің және комплаенс қызметінің тәуелсіздігін бақылау жөніндегі құжаттардың орындалуы, Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қоғамның ішкі құжаттарын сақтау бойынша ұсынымдар дайындау арқылы Қоғамның Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құрылған. Сондай-ақ Комитет Қоғамның Директорлар кеңесіне қызметтің (дамудың) басым бағыттарын әзірлеу және қоғамда тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесінің жұмыс істеуі, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және нығайту мәселелері бойынша ұсынымдар дайындаумен айналысады.

Комитет құрамы:

Марсия Элизабет Кристиан Фавале – Комитет төрағасы;
Фокина Анна Тимуровна – Комитет мүшесі;
Шайхы Жандос Алкенович – Комитет мүшесі;

Documents
Комитет туралы ереже Жүктеп алу More information

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті

Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті Директорлар кеңесінің кадр саясаты, тағайындаулар және сыйақылар жүйесі саласындағы құзыретіне жататын мәселелерді тереңдете пысықтау және мониторинг жүргізу арқылы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру үшін құрылды. Комитет Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің, Қоғам Басқармасы мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметіне бағалау жүргізеді, сондай-ақ Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің сабақтастығын жоспарлаумен айналысады.

Комитет құрамы:

Фокина Анна Тимуровна – Комитет төрағасы;
Марсия Элизабет Кристиан Фавале – Комитет мүшесі;
Шайхы Жандос Алкенович – Комитет мүшесі;

Documents
Комитет туралы ереже Жүктеп алу More information

Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы берудің негізгі принциптері

Директорлар кеңесінің мүшесіне сыйақының мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:

  • Директорлар кеңесіне мүшелігі үшін бекітілген жылдық сыйақы;
  • Директорлар кеңесі комитетінің төрағасы ретінде QIC қызметіне қатысқаны үшін белгіленген жылдық сыйақы;
  • комитет мүшесі ретінде Директорлар кеңесі комитетінің қызметіне қатысқаны үшін белгіленген жылдық сыйақы.

Documents
Директорлар кеңесі туралы ереже Жүктеп алу More information
Documents
Директорлар кеңесінің мүшелеріне шығындарды өтеу және сыйақы төлеу тәртібі Жүктеп алу More information
Documents
Іріктеу процесі және QIC сәйкестік талаптары Жүктеп алу More information
Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!