- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / QIC Central Eurasian Venture Forum 2026-ға қатысты
QIC Central Eurasian Venture Forum 2026-ға қатысты
Central Eurasian Venture Forum 2026 (CEVF) - инвестициялық парадигманың трансформациясын, венчурлік нарықтың дамуын және жаңа жаһандық шындық жағдайындағы AI-компаниялардың дамуын талқылау үшін инвесторлар, кәсіпкерлер және қаржы институттарының өкілдерін біріктіретін жетекші өңірлік форум.
Форумның негізгі тақырыбы - Smart Capital: жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдануға бағытталған, жаһандық бәсекелестік, реттеушілік шектеулер және геосаяси тұрақсыздық жағдайында тиімді жұмыс істей алатын тұрақты әрі тексерілетін капитал.
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ атынан форумда Ғаббас Ержанов - инвестициялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында өңірдің инвестициялық экожүйесін дамытуға қатысты негізгі тәсілдер атап өтілді. Атап айтқанда, QIC халықаралық капиталды тартуға ықпал ететін және тұрақты инвестициялық платформаларды қалыптастыратын институционалдық зәкірлік инвестор ретінде әрекет ететіні көрсетілді. Бүгінгі таңда QIC 6 венчурлік қорға қатысып, технологиялық және цифрлық жобаларға бағытталған әртараптандырылған инвестициялық портфель қалыптастырып отыр.
Сонымен қатар, QIC қатысатын венчурлік қорлар қазақстандық 40 IT-стартапқа 6 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салып, ұлттық инновациялық экожүйенің дамуына және технологиялық шешімдердің ауқымдануына ықпал еткені атап өтілді. Аталған қорлар бойынша QIC-тің жалпы міндеттемелері 163 млн АҚШ долларын құрайды, оның елеулі бөлігі Қазақстан мен Орталық Азия жобаларына бағытталған.
QIC-тің Sturgeon Emerging Opportunities II LP, Alem Ventures Fund LP, Quest Ventures Asia Fund II және басқа да халықаралық инвестициялық платформаларға қатысуына ерекше назар аударылды. Бұл қорлар технологиялық компанияларды қолдауға және өңірдің венчурлік нарығын дамытуға бағытталған.
Сөз сөйлеу барысында Орталық Азияның фрагменттелген нарықтардан бірыңғай инвестициялық кеңістікке біртіндеп өтіп жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар, реттеушілік айырмашылықтар, валюталық тәуекелдер, трансшекаралық капитал қозғалысының шектеулері және шығу инфрақұрылымының (M&A, IPO) жеткіліксіз дамуы сияқты жүйелік шектеулер сақталуда.
Басым бағыттар ретінде институционалдық ортаны дамыту, инвесторларды қорғауды күшейту, кәсіби басқарушы командаларды қалыптастыру, сондай-ақ өңірді жаһандық капитал нарықтарына интеграциялау, оның ішінде халықаралық қорларға қатысуды кеңейту және трансшекаралық мәмілелерді қолдау белгіленді.
Бүгінде Орталық Азия - жаһандық инвесторларды тарту және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту әлеуеті жоғары, белсенді трансформация кезеңіндегі және жаңа капитал архитектурасы қалыптасып жатқан перспективалы инвестициялық өңір.
.jpeg)
Присоединяйтесь к нашей команде