• QIC
  • / Жаңалықтар мен инсайттар
  • / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ крахмал-сірне зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасын қаржыландырды

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ крахмал-сірне зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасын қаржыландырды

02.04.2026
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ «АзияАгроФуд» АҚ  крахмал-сірне зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасын қаржыландырды

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) QIC құрылымына кіретін «BV Management» ЖШС басқаруындағы тікелей инвестициялар қоры арқылы Алматы облысындағы крахмал-сірне зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасын 2 млрд теңге сомасына қаржыландырды.

Қаражат қолданыстағы кәсіпорын базасында жүгеріні өңдеу қуатын тәулігіне 160 тоннадан 300 тоннаға дейін ұлғайтуға бағытталды. Жобаны іске асыру ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие жоғары қосылған құны бар өнімдер – крахмал, сірне және глюкоза шәрбаттарының өндірісін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны «KazFoodProducts» ЖШС холдингі құрамына кіретін «АзияАгроФуд» АҚ жүзеге асыруда және ол Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші қайта өңдеуші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорында өндірістік және логистикалық инфрақұрылым жақсы дамыған, соның ішінде жеке кірме теміржол жолдары, қойма қуаттары және заманауи технологиялық жабдықтар бар. Компания өнімі ішкі нарыққа жеткізіліп қана қоймай, Орталық Азия елдеріне, Қытайға, Түркияға, Ресейге және Ауғанстанға экспортталады.

Жобаның инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы – агроөңдеу саласында және өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу бағытында елеулі тәжірибесі бар білікті басқарушы құрамның болуы.

Жоба айқын әлеуметтік-экономикалық әсерге ие және ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және салық түсімдерінің өсуіне ықпал етеді.

Тағы бір артықшылығы – өндірістің кешенді моделі, ол қайта өңдеу жанама өнімдерін құрама жем сегментінде пайдалануды көздейді.

Қор тарапынан қаржыландыру компанияға инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жеделдетуге, операциялық тиімділікті арттыруға және отандық агроөнеркәсіптік өндірушінің бәсекелестік позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді. «АзияАгроФуд» АҚ жобасы Қазақстан Республикасында агроөңдеуді қолдау және тұрақты өндірістік тізбектерді дамыту жөніндегі мемлекеттік басымдықтарды көрсетеді.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

«BV Management» ЖШС — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-nың еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды іске асыратын жылдам дамып келе жатқан және инновациялық компанияларға инвестицияларды жүзеге асырады.

«АзияАгроФуд» АҚ – Қазақстандағы шәрбаттар, құрама жем және наубайханалық ұн өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның негізгі қызметі – бидай дәнін ұнға, ал жүгері дәнін глюкоза-мальтоза шәрбаттарына қайта өңдеу, сондай-ақ құрама жемнің барлық түрлерін өндіру.



Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!