- QIC
- / Жаңалықтар мен инсайттар
- / «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 2026 жылғы алғашқы Town Hall форматындағы кездесуін өткізді
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 2026 жылғы алғашқы Town Hall форматындағы кездесуін өткізді
Кездесу барысында QIC компаниясының өткен жылғы қызметінің негізгі қорытындылары ұсынылып, талқыланды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыру, тікелей және венчурлік инвестициялар нарығын дамыту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын қолдауға қосқан үлесі сөз болды. QIC-тің ұзақ мерзімді капиталды тартуды және экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуды қамтамасыз ететін институционалдық инвестор ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Жыл қорытындысы бойынша QIC қатысуымен құрылған тікелей инвестициялар қорлары арқылы жалпы сомасы 784 млрд теңгеге 15 жоба қаржыландырылды. Қаржыландырылған жобалардың жиынтық саны 140-тан асты, бұл экономиканың түрлі секторларын қамтудың кеңейгенін және инвестициялық портфельдің тұрақты өсуін көрсетеді. 2025 жылы сондай-ақ жобалардан 6 толық және ішінара шығу жүзеге асырылып, олардың аясында 4,9 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Кездесуде QIC-тің 2026 жылға арналған стратегиялық басымдықтары да жеке блок ретінде талқыланды. Олардың қатарында инвестициялық қызметті одан әрі күшейту, серіктестіктерді кеңейту, инвестициялық портфельдің тиімділігін арттыру және елдің инвестициялық экожүйесіндегі компанияның позициясын нығайту мәселелері бар. Сондай-ақ халықаралық институционалдық инвесторлардың қатысуымен G2G форматындағы тікелей инвестициялар қорлары арқылы Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді.
2025 жылдың қорытындылары QIC-тің капитал тартуды қамтамасыз ететін, басым салаларды дамытатын және Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыратын негізгі институционалдық инвестор ретіндегі рөлін растады.



Присоединяйтесь к нашей команде