Qazaqstan Investment Corporation Орталық Азияда аграрлық секторға бағытталған тікелей инвестициялар қорын іске қосты

16.04.2026
Qazaqstan Investment Corporation Орталық Азияда аграрлық секторға бағытталған тікелей инвестициялар қорын іске қосты

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC), «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес құрылымы және Қазақстан экономикасындағы тікелей және венчурлік инвестицияларды дамытудың негізгі институты, Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспортқа бағдарланған аграрлық хаб құруға бағытталған Adal Fund L. P мамандандырылған қорының жұмысы басталғаны туралы хабарлайды.

QIC тұрақты Private Equity және Venture Capital экожүйесін құра отырып, перспективалы жобаларға жеке капиталды тартатын кәсіби басқарушы компаниялар арқылы қорлар қоры ретінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда QIC портфеліне  QIC қатысатын қорлар активтерінің жалпы көлемі 2,3 млрд. $ болатын 19 қор кіреді.

Adal Fund L. P. іске қосылуы Еуразияда тұрақты ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және сауда интеграциясының ұзақ мерзімді платформасын құрудың негізгі қадамы болып табылады.

Бастама Қазақстанды бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және тұрақты аграрлық хаб ретінде көрсете отырып, мемлекеттік даму құралдары мен жеке капиталды біріктіреді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы астық пен ұнды әлемдік ірі экспорттаушылардың қатарына кіреді. Егіс алқабы 20 млн гектардан асады. Елдің ЖІӨ-дегі агроөнеркәсіптік кешеннің үлесі шамамен 4-5% құрайды, бұл ретте секторда жұмыс күшінің шамамен 13-15% (1,2–1,5 млн адам) жұмыс істейді.

Негізгі экспорттық әлеуетті бидай, ұн және майлы дақылдар (күнбағыс, зығыр — тез өсетін сегмент), сондай-ақ ет өнімдері қалыптастырады. Негізгі өткізу нарықтары - Орталық Азия, Ауғанстан, Қытай және Еуропалық Одақ елдері.

Қорды құрудың мақсаты - Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімін сенімді экспорттаушы ретіндегі ұстанымын нығайту және астық және агроөнеркәсіптік сектор үшін ашық, орнықты нарықтық инфрақұрылымды дамыту.

Агроөнеркәсіптік кешен - технологияландыру, қайта өңдеуді дамыту және жаңа нарықтарға шығу есебінен өсу әлеуеті жоғары стратегиялық басым сектор. Өсудің драйверлері азық-түлікке жаһандық сұраныстың өсуі аясында Қытай мен Таяу Шығыс нарықтарына экспортты қайта бағдарлау, сондай-ақ өңдеуді дамыту мен майлы және жемшөп дақылдарының үлесін ұлғайту болып табылады.

Қосымша инвестициялар өнімділіктің тұрақты өсуін, экспорттық кірістің ұлғаюын және шикізат моделінен жоғары маржалық агроөнеркәсіпке көшуді қамтамасыз ете алады.

Нысаналы көлемі  1 млрд.$ дейінгі Қор Astana International Financial Centre (AIFC) юрисдикциясында жұмыс істейді.  QIC 99,99% дейін қатысу үлесі бар  шектеулі серіктес (L.P.). Басқарушы компания QIC - тің 100% еншілес компаниясы - «Qazaqstan Investment Capital Management Ltd.» жеке компаниясы болып табылады.

Adal Fund L. P. мандаты инвестициялауға ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерінің саудасы мен экспортына қатысуға мүмкіндік береді. Қор мыналарға бағдарланған:

  • Агробизнеске стратегиялық инвестицияларды іске асыру арқылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін нығайту.
  • Активтер мен инфрақұрылымды (элеваторлар, құрылыстар және т.б.) жаңғыртуды, процестерді цифрландыру мен автоматтандыруды ынталандыра отырып, әділ баға белгілеу негізінде ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету.
  • Астық экспортының тұрақты және анық ағындарын қамтамасыз ете отырып, өндірушілерді, өңдеушілерді және логистикалық операторларды біріктіру арқылы қосылған құн тізбегін қалыптастыру.
  • Қосылған құнның агроазық-түлік тізбегіне ұзақ мерзімді шетелдік капиталды тарту.

Біз Орталық Азия мен халықаралық экспорттық нарықтар арасында тұрақты азық-түлік дәліздерін қалыптастыра отырып, Adal Fund L.P. шеңберінде әлеуетті LP және серіктестермен стратегиялық ынтымақтастыққа ашықпыз. Бұл инновациялар, тұрақтылық және серіктестік болашақ азық-түлік тұрақтылығын қалыптастыратын инвестициялар мен агробизнес арқылы ұзақ мерзімді құндылықтар құру мүмкіндігі.

Анықтама үшін:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – негізгі миссиясы тікелей шетел  инвестицияларды тарту және негізгі салаларды жаңғыртуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылатын, 2007 жылы құрылған тікелей шетелдік инвестициялар қорларының қоры. «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz/ сайтынан алуға болады.

«Qazaqstan Investment Capital Management Ltd.» жеке компаниясы - «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымы, 2025 жылы құрылған, орта және ірі бизнестің ірі, капиталды қажетсінетін жобаларын қаржыландыратын тікелей инвестициялар қорларының басқарушы компаниясы.

Присоединяйтесь к нашей команде

Кеңес алуға арналған чат-бот

Кеңес ал!