Жиі қойылатын сұрақтар – FAQ

7 млрд теңге.
Өтінімді  https://cabinet.qic.kz/login порталы арқылы беруге болады.

Шикізат секторын, ойын бизнесін, қару-жарақ, темекі және алкогольдік сусындар өндірісін қоспағанда, экономиканың басым салаларын қаржыландыру.

Сомасы -7 млрд теңгеден бастап

Мерзімі - 10 жылға дейін.

Жеке қатысу-кемінде 10 %

Нысаналы пайдалану: негізгі құралдарды сатып алу; құрылыс-монтаждау жұмыстары; айналым қаражатын толықтыру.
Қаржыландыруға өтінім, Бизнес-жоспар, Қаржылық-экономикалық модель (ҚЭМ), соңғы 3 жылдағы және соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілік, жобаның инвестициялық және пайдалану кезеңі шеңберіндегі келісімшарттар.
59 жұмыс күні.

Біздің кең аялы мандатымыз мынадай салаларға белсенді түрде инвестиция салуға мүмкіндік береді:

Экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту.

Өңдеуші өнеркәсіпке, АӨК-ке қайта өңдеуге және инфрақұрылымға баса назар аудара отырып, экономиканың басым секторлары.

Экспортқа бағдарланған салаларды қолдау.

Еңбек өнімділігін арттыру.

Инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу.

Инновацияны қолдау.

Кәсіпкерлікті қолдау.

Жұмыс орындарын құру.

Экономикадағы тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемін ұлғайту.

Климаттың өзгеруіне бейімделуге және қоршаған ортаға әсерді азайтуға байланысты «жасыл» жобалар мен бастамаларды қолдау.

QIC портфельдік қорларға қатысу мүмкіндігін мынадай өлшемшарттар сақталса қарастырады:

Қосымша инвесторлардың қатысуы: Қорға инвестиция салуға дайын екенін білдірген QIC-тен басқа кем дегенде бір инвестор болуы керек.

Инвестициялардың арақатынасы:  QIC стратегиялық портфельге салған қаражаттың әрбір бірлігі үшін Қазақстандағы жобаларға инвестициялау үшін басқа инвесторлардан қаражаттың қосымша бірлігін тарту қамтамасыз етілуі тиіс.

Басқарушы компанияның тәжірибесі: Басқарушы компания және оның негізгі қызметкерлерінің жеке инвестицияларды немесе жобаларды басқару бойынша тәжірибесі болуы керек.

Бірлескен инвестициялау: Басқарушы компанияда (немесе онымен байланысты ұлестес компанияда) Қордың жалпы капиталының 1%  құрайтын ең аз үлесі бар Қорға міндетті түрде бірлескен инвестицияның болуы талап етеді.

Басқару комиссиясы: Басқару комиссиясының мөлшері Қордың жалпы капиталының жылдық 2,5%  аспауы керек.
QIC тікелей инфестициялар қорлары ұсынатын қаржыландыру жеке және венчурлік қорларға инвестициялар арқылы үлестік қатысу механизміне негізделген. Бұл QIC тікелей инвестициялар қорлары  жобалардың немесе компаниялардың қатерлерді де бөлісе көтеретін, ықтимал пайданы да бөлісетін ортақ иелеріне айналады дегенді білдіреді. Бұл тәсіл инновациялық және перспективалы бизнесті ұзақ мерзімді негізде қолдауға, олардың тұрақты дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Үлестік қаржыландыру дегеніміз -  инвестор инвестицияланған қаражаттың орнына компанияның капиталындағы үлесті алатын инвестициялау түрі. Қарызды қаржыландырудан айырмашылығы, инвестор тұрақты кіріс алмайды, бірақ бизнестің тең иесі болады және пайданы бөлуге, сондай-ақ компания құнының әлеуетті түрде артуына  қатысады.

QIC  Қазақстанда және одан тыс жерлерде перспективалы жобалар мен компаниялардың дамуын қолдай отырып, жеке және венчурлік қорларға инвестициялар арқылы үлестік қаржыландыру механизмін қолданады.

Венчурлық капитал дегеніміз -  инвесторлар өсу әлеуеті  жоғары және инновациялық идеялары бар стартаптар мен жас компанияларға қаржылық ресурстар ұсынатын қаржыландыру түрі. Венчурлық капитал әдетте компаниядағы үлестің орнына инвестицияланады және оны бизнесті дамыту, операцияларды кеңейту, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу, маркетинг және басқа да стратегиялық мақсаттар үшін пайдалануға болады.

Венчурлық капиталдың негізгі сипаттамаларына мыналар жатады:

Қатер: Стартаптарға инвестициялар және компаниялардың дамуының алғашқы кезеңдері жоғары қатерлермен  сипатталады, өйткені стартаптардың көпшілігі сәтті іске аспай қалады немесе нарықтағы құны жоғарыламайды.

Equity:  Венчурлық инвесторлар әдетте компаниядағы үлесті сатып алады және оның акционерлеріне айналады. Бұл венчурлық капиталды несиелер немесе қарыз қаражаттары сияқты қаржыландырудың басқа түрлерінен ерекшелендіреді.

Қолдау және сараптама: Венчурлық инвесторлар көбінесе стартаптарға қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар бизнес кеңестерін, сараптаманы және саладағы байланыстарды ұсынады. Бұл компанияларға тезірек дамуға және масштабталуға көмектеседі.

IPO-ға шығу немесе сату: Венчурлық инвесторлардың мақсаты - қор биржасында компанияның акцияларын жария орналастыру (IPO) арқылы инвестицияларға шығару немесе компанияны басқа инвесторға немесе корпорацияға пайдаға сату.

Ұзақ мерзімді перспектива: Венчурлық капитал ұзақ мерзімді өсу перспективаларына және инвесторларға арналған құнды қалыптастыруға бағытталған.

Венчурлық капитал инновацияларды қолдауда маңызды рөл атқарады, технологиялық компаниялардың дамуына ықпал етеді және экономикалық дамуға ықпал етеді. Инвестицияның бұл түрі көбінесе технологиялық және стартап-секторларда қолданылады, мұнда инновация мен жылдам өсу айтарлықтай жетістіктерге әкелуі мүмкін.

«Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар тарту үшін институционалдық инвесторларды, егеменді қорлар мен қаржы институттарын қоса алғанда, бірқатар халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді.

QIC серіктестерінің қатарында мыналар бар:

Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі (EBRD);

Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC);

Азия Даму Банкі (ADB);

Mubadala және ADQ (БАӘ) мемлекеттік холдингтік компаниялары; Forebright Capital Asia Private Limited (Сингапур) халықаралық басқарушы компаниясы;

CITIC Group инвестициялық компаниясы (Қытай);

500 Startups венчурлық қоры (АҚШ);

 Оңтүстік-Шығыс Азия венчурлық компаниясы Quest Ventures (Сингапур); жетекші венчурлық және  Sturgeon Capital Ltd (Ұлыбритания) жеке инвестициялық компаниясы;

TAV Holding түрік компаниясы және басқалар.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ бос жұмыс орындарын іздеуге ыңғайлы   jobs.baiterek.gov.kz порталын қуана ұсынады.

Порталда Бәйтерек холдингі мен оның еншілес ұйымдарының бос жұмыс орындары туралы, әрбір лауазым бойынша мәліметтермен танысу және іріктеуге қатысуға өтінім беру мүмкіндігі туралы өзекті ақпарат ұсынылған.

Біз барлық үміткерлер үшін барынша ашық және жайлы жұмысқа орналасу процесін қамтамасыз етуге тырысамыз.
chat-bgov

Кеңес ал!