QIC Қазақстандағы венчурлық экожүйені нығайтады

18.06.2025

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы (QIC, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Дидар Қарымсақов өңірдегі ең ірі инновациялар форумдарының бірі INMerge Summit-тың (Әзірбайжан) көшпелі сессиясына қатысты.

Көшпелі сессия Алматыда өтті және Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды стартаперлер мен венчурлық нарыққа қатысушылары тартылды.

Д.Қарымсақов өз сөзінде QIC Қазақстанда венчурлік капиталдың экожүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінгі таңда QIC алты венчурлік қорын құрды, ол арқылы 40 қазақстандық АТ-стартап инвестицияланды.

500 Global, Temasek және IFC сияқты ірі халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, QIC жаһандық тәжірибемен алмасып, қазақстандық стартаперлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл ретте, QIC Басқарма төрағасы атап өткендей, стартаптар бүгінде дамудың кейінгі кезеңдерінде (A–C сериясы) қаржыландыру тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл саланы толықтыруға QIC құрылымына кіретін жаңа BGV Fund венчурлық қоры жәрдемдеседі. Капиталдандыруы $30 миллион болатын Қор Қазақстан мен өңірдегі жас технологиялық компанияларға инвестиция салмақ. QIC еншілес компаниясы BGlobal Ventures Ltd. басқарушы компания болады.

«Каспий өңірінің, әсіресе Қазақстанның, техникалық мамандықтар бойынша адами капиталдың айтарлықтай әлеуеті бар. Стартаптардың жаһандық тәжірибелер мен тәлімгерлікке қол жеткізуі, жобалардың ерте сатыларында сын-қатерлерге дайын жергілікті бизнес-жәрдемшілер мен институционалдық инвесторлардың базасын нығайту осы әлеуеттің кеңірек ашылуына көмектеседі. Бұл жұмысты QIC жүйелі түрде жүргізіп келеді. Шынында да, адамдарға, білімге және серіктестікке жүйелі инвестиция салу арқылы ғана жергілікті таланттарды жаһандық мүмкіндіктермен байланыстыруға мүмкіндік беретін тұрақты инновациялық экожүйені құруға болады», - деп атап өтті Д.Қарымсақов.

Анықтама:

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ – 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры, негізгі миссиясы - Қазақстанда елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатымен тікелей инвестицияларды және венчурлік қаржыландыруды дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - еншілес ұйымы. Қосымша ақпаратты https://qic.kz сайтынан алуға болады.

BGlobal Ventures – Қазақстан мен Орталық Еуразия нарығындағы венчурлік басқарушы компания. Компания білім беру бағдарламалары, сараптамалық қоғамдастық құру, сондай-ақ перспективалы технологиялық стартаптарды қаржыландыру арқылы венчурлық инвестициялар нарығын дамытады. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қорлар қорының еншілес компаниясы.

Присоединяйтесь к нашей команде

chat-bgov

Кеңес ал!